RU

Шетелде жүрген қазақстандықтар елге қалай кіреді

Шетелде қалып қойған қазақстандықтар қайтарылады. Елге орала алмай жатқандарға арнайы ұшақтар жіберілмек. Бірақ жол құнын азаматтардың өзі төлейді. Сыртқы істер министрлігі коронавирус кесірінен елге жете алмай жатқан отандастарымызға қатысты осылай мәлімдеді. Тек Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинде болғандықтан, шетелден әкелінетін қазақстандықтар басқа өңірлерге орналастырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Ведомство дерегінше, бүгінде шетелде 300 мыңдай қазақстандық тұрады. Соның 1300-і елге оралғысы келетінін жеткізген.

Шетелде жүрген отандастарымыздың бәрі бірдей консулдық есепке тұрмағандықтан, басым бөлігі жайлы ақпарат жоқ.

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев коронавирустың өршуіне байланысты, көп азаматқа шетке шықпауға кеңес берілгенін мәлім етті.

"Бірақ көп азаматтар оны тыңдамай шетке кетті. Соған байланысты дүние жүзінің неше түрлі мемлекеттерінде, неше түрлі құрлықтарда біздің азаматтар қалып отыр. Біздің барлық елшіліктеріміз сол азаматтарымызды Қазақстанға қалай қайтарамыз, жұмыстарын соған бағыттап отыр", - деді ол.

Оның айтуынша, ел азаматтарының 5 мыңы шетелге демалысқа шыққан.

Сыртта жүрген туристер қазіргі жоспар бойынша наурыздың 23-не дейін елге жеткізіледі. Оған 18 әуе рейсі әзірленген.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Айта кетейік, бұған дейін бір топ отандастарымыздың Мәскеуден қайта алмай жатқанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846664-setelde-zrgen-kazakstandyktar-elge-kalaj-kiredi.html