Выйти
RU

Түріктің белгілі әншісі Абайдың әніне клип түсірді (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркияның белгілі әншісі Айбен Ерсой қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының әніне бейнебаян түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Әншінің жеке парақшасы

Фото: Әншінің жеке парақшасы: Instagram

Өнер иесі осы жылы 175 жылдығы тойланып жатқан Абайдың "Көзімнің қарасы" атты әніне бейнебаян түсірген.

Клипті Айбен Ерсой Instagram желісіндегі парақшасында жариялап, жазба арнады.

"Биылғы маусым айында Қазақстанның астанасында қазақ достарымыздың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығы құрметіне фестиваль ұйымдастыру жоспарланған еді. Шарт бойынша, әрбір елден келген қатысушылар ұлы ақынның бір әнін шырқауы керек болатын. Біз Абайдың "Көзімнің қарасы" атты туындысын заманауи өңдеуде дайындадық. Өткен аптада Станбулдың ең көрікті жерлерінің бірі – Сұлтан Ахмет мешіті жанында бейнебаян түсірдік. Алайда, коронавирус инфекциясының таралуына байланысты бұл жоба тоқтатылды. Десек те, біз бастаған ісімізді аяқтап, туындыны сіздермен бөлісуді жөн көрдік", - деді түрік әншісі.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласы жарық көрген болатын.

"Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті", - деді ол.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түріктің белгілі әншісі Абайдың әніне клип түсірді (видео)