Выйти
RU

Желіде ерсі қылығымен танылған блогер коронавирус жұқтырды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ-тан шыққан Larz есімімен танылған блогер коронавирус жұқтырды. Ол бұған дейін қоғамдық дәретхана отырғышын жалап жатқан сәтін видеоға түсіріп, желіге салған болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Тик ток жұлдызы

Фото: Видеодан кадр: UGC

Қазіргі таңда видеоролик блогердің әлеуметтік желідегі парақшасынан жойылды.

Желіде осындай роликтер топтамасы COVID-19 туралы жаңалықтарға орай пайда болды, оларды "коронавирустық челлендж" деп аталып кетті.

Осыған ұқсас видеоны TikTok желісіне алғаш Ава Луиза есімді блогер жариялады. Бойжеткен ұшақтағы унитаз жалаған сәтін видеоға түсіріп, кейінірек бұл роликті желіден алып тастады.

Ол видео түсірер алдында унитазды мұқият дезинфекциялағанын мойындаған.

Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 120 адамға жетті.

Күні кеше коронавирустан айыққан екі қазақстандық ауруханадан шықты. Сондай-ақ, 26 наурызда елімізде COVID-19 инфекциясынан болған алғашқы адам өлімі тіркелді.

Коронавирустан көз жұмғандар Италияда көп тіркелген. Осыған дейін туристердің сүйікті елінде 8 мыңнан аса адам қайтыс болды. Соңғы 24 сағатта 712 қайғылы жағдай тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Желіде ерсі қылығымен танылған блогер коронавирус жұқтырды (видео)