RU

"Уайымдайды екенсің": Ләйлә Сұлтанқызы Шымкенттегі қайын жұрты үшін алаңдауда

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Шымкентте коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелгелі уайымға салынғанын айтты. БАҚ өкілі сол қаладағы қайын жұрты үшін аса қатты алаңдап жүр. Оның сөзінше, еліміздің оңтүстігіндегі шырайлы шаһар тұрғындары қауіпті жағдайды сезініп те, санасына сіңіріп те жүрген жоқ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/sultankyzy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/sultankyzy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ләйлә Сұлтанқызы коронавирус инфекциясының Шымкенттен табылғанына жабыл қағуда. Белгілі болғандай, аталмыш қалада тележүргізушінің қайын жұрты мен нағашылары тұрады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында айтып берді.

"Бүгін күні бойы көңіл-күйім болмады. Шымкентте туып өскеннен кейін болар, нағашы, өз қайын жұртым сол жақта тұратын болғандықтан болар, вирус кең таралмаса екен деп іштей тілеп жүрдім. Уайымдайды екенсің кәдімгідей7 Мәселе қаланы бөліп-жаруда емес, тұрғындардың қабылдауында ғой.
Таңертең әпкеммен сөйлескем. Бәрі жайбарақат, қалада қызу тіршілік, кейбірі тіпті тауға шығып жүр дейді. Өкініштісі, ешкім сезініп жүрген жоқ, түйсігіне жеткізіп, санасына сіңіріп те жүрген жоқ сияқты. Құдай үшін үйде отырыңыздаршы. Сіз ауырмасаңыз да, үйдегілерге сырттан әкеліп жұқтыруыңыз мүмкін. Үлкен кісілер, бала бар дегендей" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар өнер жұлдыздары қазақстандықтарға видео үндеу жасап, оларды үйден шықпауға шақырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1847478-uajymdajdy-ekensi-ljl-sltankyzy-symkenttegi-kajyn-zrty-sin-aladauda.html