Выйти
RU

Ұлыбритания премьер-министрі коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон коронавирусқа шалдыққанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Борис Джонсон. Фото: instagram.com/borisjohnsonuk

Борис Джонсон. Фото: instagram.com/borisjohnsonuk

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлім етті.

"Менің жаңалығым бар. Соңғы 24 сағат ішінде аурудың жеңіл белгілері асқынып, коронавирусқа тапсырған сынамам оң нәтиже көрсетті. Қазір өз-өзімді оқшауладым. Алайда, видеоконференция арқылы үкіметті ары қарай басқара беремін. Әзірге бұл вируспен күресіп жатырмыз. Біз бірге бұл қиындықты еңсереміз", – деп жазды Джонсон.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей Федерациясы президентінің әкімшілігінде коронавирус жұқтыру дерегі анықталғанын хабарлаған болатынбыз.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәлімдеуінше, Владимир Путин науқаспен байланысқа түспеген. Вирустың ары қарай таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қабылдануда.

Сондай-ақ бұған дейін Ресейде Димаш Құдайберген мен Иманғали Тасмағамбетовтың коронавирус жұқтырған Лев Лещенкомен бір кеште болғанын хабарлағанбыз.

Белгілі болғандай, бұл кеш танымал ресейлік композитор Игорь Крутойдың қарындасының мерейтойына арналған екен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ұлыбритания премьер-министрі коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді