RU

Алматыда коронавирус жұқтырған 12 жасар қыз аурудан айықты

Үш қазақстандық COVID-19 коронавирусты инфекцияны жеңіп, ауруханадан шығарылды. Бұған дейін коронавирус жұқтырғаны анықталған 12 жастағы қыз да үйге кетуге дайындалып жүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда коронавирус жұқтырған 12 жасар қыз емделді
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Коронавирустың ресми қазақстандық ресурсы болып табылатын Coronavirus2020.kz порталының хабарлауынша, жас алматылық тұрғынның сараптамалары оның денесінде SARS-CoV-2 вирусының жоқтығын көрсетті. Ол ертең ауруханадан шығып, үйіне оралады деп күтілуде.

Бұған дейін елордалық ауруханадан коронавирус расталған ер адам шығарылды. Ол ауруды толығымен жеңе алды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда SARS-CoV-2 вирусын жұқтырудың екі жаңа жағдайы бүгін, 27 наурызда тіркелген. Осылайша, вирус жұқтырғандардың жалпы саны 137-ге дейін өсті.

Айта кетейік, бүгін сондай-ақ Атырау облысында алғаш рет үш бірдей науқастан коронавирустық инфекция табылды.

Сонымен қатар, бүгін Павлодар облысында коронавирус індетінің алғашқы жағдайы тіркелгенін хабарлағанбыз. Осылайша, елімізде жаңа вирусқа шалдыққандардың саны 126 адамға жетті.

Еске салсақ, 26 наурызда елімізде коронавирустан көз жұмған алғашқы науқас тіркелді.

Ол Ақмола облысының Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны болған. Зейнеткер дәрігерлер жүргізген шаралар мен терапияға қарамастан қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1847596-almatyda-koronavirus-zktyrgan-12-zasar-kyz-emdeldi.html