Выйти
RU

"Қоғам ұстанымын біледі": Тоқаев "Қалаулым" жобасына қатысты тапсырма берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли соңғы кездері республикалық арналардан шығып жатқан халқымыздың менталитетіне сай келмейтін бағдарламаларға қоғам тарапынан қарсылық көбейіп кеткенін мәлім етті. Оның сөзінше, мемлекет басшысы аталған теле жобаларға қатысты қоғамның ұстанымын біледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Соңғы кездері республикалық арналардан шығып жатқан халқымыздың менталитетіне сай келмейтін, қазақтың салт-дәстүріне, ұлттық болмысымызға қайшы, шығыстық қалпымызға сәйкес емес "Қалаулым", "Қалауым сен" атты бағдарламаларға қоғам тарапынан қарсылық көбейіп кетті. Азаматтар әлеуметтік желілерде қол жинап, бағдарламалардың жабылуын талап етіп, БАҚ беттерінде түрлі сыни мақалалар жарияланып жатыр.
Мемлекет басшысы аталған бағдарламаларға қатысты қоғамның ұстанымын біледі. Соған сәйкес тапсырма берілді. Халықтың пікірі ескеріліп, арналардың да саясатына нұқсан келтірмей тиісті шешім шығарылады", - деді Берік Уәли.

Еске сала кетсек, осыған дейін Аша Матай "Қалауым Live"-тан кетіп қалған қатысушылардың сынына жауап бергенін жазған болатынбыз. Ал бағдарламаның бұрынғы қатысушылары теле жоба туралы бар шындықты жайып салды.

Видеодан кадр/Еуразия бірінші арнасы

Видеодан кадр/Еуразия бірінші арнасы

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Қоғам ұстанымын біледі": Тоқаев "Қалаулым" жобасына қатысты тапсырма берді