Выйти
RU

Алматы облысында вирус жұқтырғандардың жағдайы белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Алматы облысында үш адамнан короновирус анықталған. Олар Қарасай аудандық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

"Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы екі жағдай облыстың екі ауданында тіркелді. Біріншісі - 1957 жылы туған əйел Іле ауданынындағы провизорлық госпитальда карантинде жатқан болатын. Ол коронавируспен ауырған адаммен байланыста болған. Əйел адамнан анализдер алынды. Талдау қорытындысы бойынша ол Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына ауыстырылды.
Екінші жағдай - Жамбыл ауданының тұрғыны, 1997 жылы туған қыз бала 20 наурызда Оңтүстік Кореядан Ие Чоу-Алматы OZ 577 рейсімен ұшып келген. Ал үшіншісі - 1995 жылы туған Қарасай ауданының тұрғыны. Вирус анықталған азаматша жүктіліктің 21-22 аптасында. Сырқаттардың барлығы Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасында ем алуда", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, облыс əкімі Амандық Баталов індет анықталған аудандардың əкімдеріне дезинфекциялау шараларын күшейтуді тапсырды.

Жедел штаб өкілдері келтірген соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 204 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында вирус жұқтырғандардың жағдайы белгілі болды