Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 271-ге жетті

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда коронавирустың жаңа төрт дерегі тіркелді. Елімізде науқастар саны 271- ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам Нұр-Сұлтан қаласында тiркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 166 адам, Алматы қаласында – 67 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 2 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 271 науқас тіркелді.

Айта кетейік, Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылдың 29 наурыздағы №8 Қаулысына сәйкес 2020 жылдың 30 наурызы сағат 00.00-ден бастап Атырау қаласы аумағына карантин жарияланады.

Одан бөлек, 2020 жылдың 30 наурызынан бастап коронавирустық инфекцияға байланысты Қарағанды облысындағы Қарағанды, Саран, Шахтинск, Абай және Теміртау қалаларына карантин енгізіледі.

Одан бөлек, бірде-бір науқас тіркелмеген Қостанай облысы да 31 наурыздан бастап өз есігін жабады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847776-elimizde-covid-19-infekciasyn-zktyrgandar-sany-271-ge-zetti/

pixel