Выйти
RU

Айсәуле Бақытбек дәрігер енесімен бірге қолды қалай жуу керек екенін көрсетті (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал продюсер Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек енесімен бірге ДДСҰ ұйымдастырған челленджге қатысып, қолды қалай жуған дұрыс екенін көрсетті. Сондай-ақ, желі жұлдызы дәрігер енесіне бүгінгі күні күллі әлемді дүрсілкіндірген коронавирус инфекциясы жайлы бірқатар маңызды сұрақтар қойып тілдесті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Insagram/aissaulebakytbek/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Insagram/aissaulebakytbek/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Айсәуле Бақытбек еліміздегі танымал әрі алдыңғы қатарлы дәрігерлердің бірі саналатын Диляра Қайдарованың ұлына тұрмысқа шыққан. Продюсердің қызы медицина саласында еңбек етіп жүрген енесінен коронавируске қатысты ойын сұрап, одан арнайы сұхбат алды. Аталмыш видеоны Айсәуле Бақытбек Instagram парақшасында жариялаған.

Диляра Қайдарова алдымен вирусты қорғанудың әдіс-тәсілдерін айтып, қолды қалай жуу керек екенін көрсетті. Оған қоса, ол еліміздегі COVID-19 инфекциясының таралуы қашан тоқтауы мүмкін екеніне қатысты өз болжамын келтірді.

Айсәуленің енесі вирусты жұқтыру оқиғалары сәуір айында да жалғасын табатынын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін ДДСҰ бастаған эстафетаға Қазақстаннан алғашқылардың бірі болып денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысқан болатын. Министрлік басшысы қолды қалай жуу керек екенін арнайы видео түсіріп көрсетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Айсәуле Бақытбек дәрігер енесімен бірге қолды қалай жуу керек екенін көрсетті (видео)