Выйти
RU

Елімізде коронавирус құрбанын тасыған жедел жәрдем жүргізушісі де вирус жұқтырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында коронавирус жұқтырудың он дерегі тіркелді. Науқастардың жартысы осы инфекциядан қайтыс болған әйелмен байланыста болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

водитель

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ақмола облысында коронавирус жұқтырғандар саны 10 адамға жетті. Өңірдің бас дәрігері Сүлен Ильясов науқастарға қатысты жаңа деректер жариялады.

"Тағы бір байланыста болған адам анықталды. Ол Қосшы ауылынан 64 жастағы зейнеткерді ауруханаға жеткізген жедел жәрдем жүргізушісі. Әйел 26 наурызда астанада қайтыс болды.
Зейнеткердің отбасында оның жолдасынан вирус анықталды. Ол да басқа науқастар сияқты инфекциялық бөлімде жатыр", - деді Ильясов.

Облытық денсаулық сақтау басшысының айтуынша, науқастардың барлығы Нұр-Сұлтандағы карантин аймағына кіретін Қоянды және Қосшы ауылдарынан.

Еске сала кетсек, Ақмола облысында 31 наурызда сағат 19.00-ден бастап карантин режимі енгізіледі.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, бұл шаралар өңірдегі вирус жұқтырғандар санын азайту үшін қабылданған.

Шектеу шаралары уақытысында ірі сауда орталықтарындағы азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды қоспағанда, саябақтар, монша кешендері, санаториялық-шипажай кешендері, сұлулық салондары, шаштараздар, азық-түлік, автокөлік, зат, құрылыс базарлары, сондай-ақ адам көп жиналатын барлық басқа нысандар қызметін тоқтатады.

Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы тоқтайды. Алайда тәулік бойы тұрғындар үшін жеткізіп беру қызметі қолжетімді болмақ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде коронавирус құрбанын тасыған жедел жәрдем жүргізушісі де вирус жұқтырды