Выйти
RU

13 жастағы жасөспірім коронавирустан көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Лондонда коронавирустан көз жұмған жасөспірім тіркелді. Бұл британиялық дәрігерлердің вирус балалар мен жеткіншектер үшін қауіпті емес деген пікірін теріске шығарды деп жазады KAZ.NUR.KZ Российская газета басылымына сілтеме жасап.

13 жастағы жасөспірім коронавирустан көз жұмды

Көрнекі фото: pixabay.com

Өткен жұмада 13 жастағы балаға коронавирус диагнозы қойылды. Оның қосалқы аурулары болмаған.

Лондондағы әйгілі "Kings College" ауруханасының өкілі қайтыс болған жасөспірімнің отбасына көңіл айтты.

Айта кету керек, жуырда тағы бір 19 жастағы британиялық жігіт коронавирустан көз жұмған.

Осыдан үш апта бұрын Ұлыбританияның премьер-министрі вирустың айтарлықтай мықты екені туралы қауесеттердің әсіреленіп жіберілгенін айтып, халықты сендірген еді.

Атап айтқанда, Борис Джонсон вирустың балалар мен жасөспірімдер үшін аса қауіпті емес екенін алға тартқан және мектетерді ата-аналар мен қоғамның қысымынан карантинге жапқан.

Енді анықталғандай, мектептерді жабу - жалғыз дұрыс шешім болған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елімізде коронавирустан болған үшінші өлім тіркелгені хабарланды. Марқұм Қарағанды облысының тұрғыны болған.

Кейін оның өліміне қатысты мән-жай белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
13 жастағы жасөспірім коронавирустан көз жұмды