Выйти
RU

Қытайда коронавирус жұқтырған тұрғындардың 93 пайызы жазылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус бастау алған Қытай елінде індетке шалдыққан науқас саны күн санап азаюда. Денсаулық сақтау мәселесі бойынша мемлекеттік комитет коронавирус жұқтырғандардың 93 пайызы ауруынан айыққанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Қытайда ауру жұқтырғандардың 93 пайызы жазылды

Фото: piqsels.com

Құзырлы органдардың соңғы ақпаратына сәйкес, ауруханаларда небары 2004 адам ғана жатыр. Елде коронавируспен барлығы 81 мыңнан астам адам ауырған.

76 мыңнан астамы ауруды жеңіп, жазылған. Бұл барлық ауырғандардың 93,5 пайызын құрайды.

Эпидения кезінде ауру жұқтырғандардың ең көбі Хубэй қаласында тіркелген (68 мыңға тарта адам). Осы аймақта өлім-жітім деңгейінің өсімі байқалған (4,7 пайыз).

Ал коронавирус тараған Уханда бұл деңгей тым жоғары, 5 пайыз көрсеткішке жеткен.

Қазіргі кезде Қытай коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы ең жоғары көрсеткішке ие елдердің тізімінде 4-орынға төмендеді. Көш басында АҚШ, ондағы ауру жұқтырғандар саны 200 мыңға тая келеді. Келесі орындарда Италия мен Испания.

Италия өлім-жітім деңгейі тұрғысынан бірінші орында тұр. Еуропа елінде 12,5 мыңға жуық адам COVID-19 кеселінің құрбаны болған.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Еске сала кетсек, Алматыда коронавирустан айыққан екі жасар сәби ауруханадан шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қытайда коронавирус жұқтырған тұрғындардың 93 пайызы жазылды