Выйти
RU

Оралдағы пәтерден Ресейден келген азаматтың мәйіті табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оралда пәтерлердің бірінен ер адамның мүрдесі табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: azh.kz

Көрнекі фото: azh.kz

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 31 наурыз күні Құрманғазы көшесі 164-үйде орын алды. Пәтерлердің бірінен табылған 1962 жылғы ер адамның денесінде зорлықпен өлтіру белгілері болмаған.

Осы үйде коронавирус жұқтырған адамның табылғаны жөнінде әлеуметтік желілерде аудиожазба тарап үлгерді.

"Аталған азаматтың 16 наурыз күні Ресей Федерациясынан келгендігі анықталды. Соған байланысты коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында мүрде барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып тасымалданады. Тұрғындардан сабыр сақтап, анық емес мәліметті таратпауларын сұраймыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқан адамның ҚР ҚК 274-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз",- деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өлімнің себебін анықтау үшін мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберіледі.

Айта кетейік, Алматыда COVID-19 инфекциясын жұқтырудың ошағы деп танылған 12 үй мекенжайынан шектеу алынып тасталды. Қалада әлі 24 инфекция ошағы бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Оралдағы пәтерден Ресейден келген азаматтың мәйіті табылды