Выйти
RU

Қарағандыда коронавирустан көз жұмған ер адамның өлімінен соң тергеу басталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

1 сәуірде таңғы 7-де 62 жастағы Қарағанды тұрғыны коронавирустан көз жұмды. Бұл елімізде вирустан болған үшінші өлім. Қайтыс болған ер адамның өлімі бойынша тергеу жүргізілетіні белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағандыда коронавирустан қайтыс болған ер адамның өлімі бойынша тергеу басталды

Көрнекі фото: pixabay.com

Өңірдің бас санитар дәрігері Қанат Асқаровтың ақпаратынша, департамент қызметкерлері қарағандылықтың өлімі бойынша тергеу жүргізуде.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта марқұммен жақын қарым-қатынаста болған 36 адам анықталған. Сондай-ақ онымен байланысқан болуы мүмкін 20 адам табылған.

Асқаровтың сөзінше, бұл адамдардың бәрі шетелге, не Алматы, не Нұр-Сұлтанға шықпаған. Үнемі Қарағандыда болған. Одан бөлек бас санитар дәрігер оның жұмыс орнында да тергеу жүргізілетінін хабарлады. Марқұм нотариус болған.

Еске сала кетсек, бүгін елімізде үшінші адамның коронавирустан көз жұмғаны хабарланды.

62 жастағы ер адам ауруханалардың біріне 30 наурызда түскен. Науқаста екі жақты пневмония мен тыныс алу жетіспеушілігі болған. Жағдайы ауыр деп бағаланып, жансақтау боксына жатқызылған.

Бүгін, таңғы 7-де жүрегі тоқтап, қайтыс болған. Ер адамның диагнозы ол көз жұмған соң расталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағандыда коронавирустан көз жұмған ер адамның өлімінен соң тергеу басталды