Выйти
RU

Тоқаев "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілді қызметінен босатты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкіл Бахытжан Намаев қызметінен босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Бахытжан Намаев. Фото: kzvesti.kz

Бахытжан Намаев. Фото: kzvesti.kz

"Мемлекет басшысының өкімімен Бахытжан Билялұлы Намаев Қазақстан Республикасы президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі қызметінен босатылды", – делінген құжатта.

Айта кетейік, былтыр сәуір айының басында Бахытжан Намаев Қызылорда облысы әкімінің өкімімен президенті әкімшілігінің келісімі бойынша аймақ басшысының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалған болатын.

Бахытжан Намаев 1964 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Саяси экономика" мамандығы бойынша, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларды жобалау, салу және пайдалану" мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институтының Алматы филиалы жалпытехникалық факультетінің ассистенті болып бастаған. Әр жылдары жеке сектор мен "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жүйесінде жауапты басшылық лауазымдарда және "Батум мұнай терминалы" компаниясының бас директоры лауазымын атқарған.

Айта кетейік, бүгін депутат Бейбіт Мамыраев мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілді қызметінен босатты