Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде коронавирус індетімен нәресте өмірге келді

Опубликовано:

Ресейде адам таңғаларлық оқиға орын алды. Ел астанасы Мәскеу қаласында дүние есігін ашқан нәрестеден коронавирус инфекциясы анықталған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Аталған жағдай туралы Lenta.ru басылымы хабарлады.

Cәби Ресей астанасындағы коронавирус дертіне шалдыққандарды емдейтін ауруханада өмірге келген.

Айта кетейік, нәрестенің анасынан жақында індеттің белгілері табылған болатын.

Қазіргі уақытта ана мен бала медициналық мекемеде тиісті ем-шараларын қабылдауда.

Басылым соңғы күндері Ресейде вирус жұқтырғандардың саны артқанын атап өткен. Елдің вице-премьері Татьяна Голикова бұны қауіпті инфекцияны анықтауға арналған сынақтарды көбірек жүргізгендерімен түсіндірді.

Голикованың айтуынша, қазіргі уақытта Ресей Федерациясы COVID-19 індетіне талдау алу бойынша әлемде үшінші орында.

Бүгінде Ресейде қауіпті дертке шалдыққандардың саны 2700-ге жеткен. Оның 27-сі көз жұмды. Ал 190-нан астам адам коронавирус инфекциясынан айығып, ауруханадан шыққан.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстанда жаңа вирустан үшінші адамның көз жұмғаны мәлім болды.

62 жастағы ер адам ауруханалардың біріне 30 наурызда түскен. Науқаста екі жақты пневмония мен тыныс алу жетіспеушілігі болған. Жағдайы ауыр деп бағаланып, жансақтау боксына жатқызылған. Ер адамның диагнозы ол көз жұмған соң ғана расталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848512-resejde-koronavirus-indetimen-nreste-mirge-keldi/

pixel