Выйти
RU

Блок бекетті айналып өтпек болған Ақтөбе тұрғыны қамауға алынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Блок бекетті айналып өтпек болған Ақтөбе тұрғыны бес тәулікке қамалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Жас жігіт облыс орталығынан бұрма жолмен өтіп, Алға қаласы маңында қолға түскен. Анықталғандай, азаматта төтенше жағдай режимін бұзуға еш себеп болмаған. Шектеу шаралары енгізілгеннен бастап өңірде 28 блок бекет қойылды, оның жетеуі - қаланың негізгі шығу аймақтарында. Полицейлер мен дәрігерлер құрылған шатырларда тәулік бойы кезекшілік етуде.

Күндіз-түні бірнеше транзиттік автокөлік пен азық-түлік және дәрі-дәрмек таситын жүк көліктері өтеді. Алдын-алу шаралары Ақтөбенің өзінде күшейтілді. Адамдарға мүмкіндігінше үйе оқшаулану ұсынылды.

"Біз күшейтілген режимде жұмыс істеп, қоғамдық орындарда, көшелерде тәртіп күзетін қамтамасыз етудеміз. Ерекше жұмыс режиміне байланысты секторлар бойынша, учаскелер бойынша, аулалар бойынша патрульдеу толығымен қайта қаралды. Учаскелік инспекторлардың жұмысы қазір алдын-алу, ПИК-пен, волонтерлермен жұмысты жандандыруға бағытталған",- деді облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.

Айта кетейік, 1 сәуірде елімізде коронавирустық инфекциядан көз жұмған тағы бір науқас тіркелді. Марқұмның өліміне қатысты мән-жай белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Блок бекетті айналып өтпек болған Ақтөбе тұрғыны қамауға алынды