Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Корея елде коронавирус жұқтырғандар жоқ екенін мәлімдеді

Опубликовано:

Солтүстік Корея дәрігерлері елде жаңа коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдайлардың расталмағанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Солтүстік Корея дәрігерлері елде коронавируспен ауыратындардың жоқ екенін мәлімдеді
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ақпан айында Оңтүстік Кореяның Chunan Ilbo басылымы КХДР-дегі дереккөзге сілтеме жасап, Солтүстік Кореяда жаңа коронавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайы туралы хабарлаған. Басылымның мәліметінше, алғашқы пациент Қытайдан оралған "Пхеньян" тұрғыны болып шыққан. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталмаған.

"Елімізде әлі күнге дейін коронавирус жұқтырғандар болған емес", - дейді агенттікке жұқпалы ауруларды жедел бақылау жөніндегі орталық штабтың эпидемияға қарсы бөлімінің басшысы Пак Мен Су.

Оның сөзінше, елде коронавирустың алдын алу шаралары бірден жүргізілген.

"Біз елімізге келгендердің барлығына тексеріс жүргізіп, карантин енгіздік. Сондай-ақ барлық тауарларды мұқият дезинфекциялау, шекараларды жабу, теңіз бен әуе жолдарының барлығын жабу сияқты профилактикалық және ғылыми шараларды жүргіздік", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Оңтүстік Кореядағы қазақ жігіті кәрістердің коронавирусты қалай жеңгенін айтып берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848604-soltstik-korea-elde-koronavirus-zktyrgandar-zok-ekenin-mlimdedi/

pixel