RU

Ләйлә Сұлтанқызы коронавирустан қалай қорғанып жүргенін көрсетті (фото)

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы күллі әлемді дүрліктірген коронавсирус инфекциясынан кейінгі өмір күрт өзгереді деген болжам жасады. БАҚ өкілі бұл ойына статистикалық мәліметтерді ескере отырып келген болып шықты. Оған қоса, ол елімізде жарияланған карантин уақатында денесін толығымен жауып тұратын костюм киіп жүргенін көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/sultankyzy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/sultankyzy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Ләйлә Сұлтанқызы COVID-19 инфекциясынан барынша сақтанып жүр. Тележүргізуші тіпті киім-кешектерін арнайы вирустан сақтайтын костюмге алмастырып алған. Ол Instagram желісінде фото жариялап, оқырмандарын алаңдатып қойды.

Сонымен қатар, Ләйлә Сұлтанқызы індет аяқталғаннан кейін адамзат өмірі бұрынғыдай болмайтынын жеткізді. Ол бұл болжамына әсер еткен бірқатар жайттарды келтірді.

"Соңғы посттың астындағы пікірлеріңізді оқып шықтым. Өкінішке қарай, позивтивке қарағанда негатив басым. Ол да жөн шығар. Бұрынғыдай болмайды дегені соңғы статистика сүйенгені болар. Мысалы:

Ажырасудың көбеюі; Қытайдағы карантинде 45% отбасы ажырасуы тіркелген. Олардың әрбір төртінші жұбы – 1985 жылғылар дейді.

Шетелге біраз уақытқа шықпау; Бүкіләлемдік вирус жойылып, қалыпты өмірге оралсақ та, ол вирус түбегейлі жоқ болып кетті деген сөз емес. Сақтықта қорлық жоқ.

Үйге үйренген мидың адаптациясы; Адам жаңа әдетті 21 күнде қалыптастырып, бекітеді дейді. 1 ай үйде болған ағзаның қайта жұмысқа шығуы, шок.

Онымен қоса, жаңа ғана Францияда қызмет етіп жүрген жерлесіміз Жанар есімді дәрігердің сұхбатын оқыдым. Бұл вирус әсіресе үлкен жастағы кісілерге қауіпті дейді. Оны алдын алудың жолы,ОРВИ-ға қарсы вакцина қабылдау. Гриптен айырмашылығы жұғу коэффициентінің 2 есе жылдамдығында.
Үстімдегі арнайы киімді бар жоғы 10 минутқа кидім. Соның өзінде ауа жетпей, ыстықтап, әзер шыдадым. Ал енді осы киімде тәулік бойы жүрген дәрігерлердің жағдайын елестетіңіз. Аман болыңыздар. Мың алғыс" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызы Шымкенттен коронавирус оқиғасы анықталғанда, сол жерде тұратын қайын жұрты үшін асқан алаңдаушылық білдірген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1848749-ljl-sltankyzy-koronavirustan-kalaj-korganyp-zrgenin-krsetti-foto.html