RU

Түркістан облысының неше ауданында коронавирус жағдайы тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 16 адамға жетті. Бүгінде індет тараған Жетісай, Арыс, Мақтарал, Ордабасы,Сайрам аудандары мен Кентау қаласында науқастардың үйлері оқшауланып, сақтық шаралары күшейтілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Түркістан облыстық әкімдігінің мәліметінше, аймақта індет жұқтырғандар осыған дейін COVID-19 вирусына шалдыққан науқастармен байланыста болған.

Коронавирус жұқтырған 10 науқас Жетісай ауданында, 2 адам Кентау қаласында, бір науқас Арыс қаласында, бір адамнан Мақтаарал, Ордабасы және Сайрам аудандарында тіркелгені белгілі болды.

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдаудап жатыр.

Әкімдік науқастармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырған пациент саны 453. Олардың 29-ы сауығып, ауруханадан шықса, үш адам қайтыс болды.

Тағы да оқыңыздар

iHerb-тен өнім сатып алу арқылы өз ақшаңызды қалай үнемдеуге болады?

Айта кетейік, әлем бойынша коронавирустық инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 1 миллионнан асты. Вирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ әлі де алдыңғы қатарда тұр. Бұл Италиядағы науқастардың екі еселенген көрсеткіші.

Соңғы бір тәулікте АҚШ-та 24 мыңнан аса адамнан коронавирус табылған. Ал Испанияда 112 мың адамнан COVID-19 анықталып, әлем бойынша үшінші орында тұр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркістан облысының неше ауданында коронавирус жағдайы тіркелді