Выйти
RU

Жабық тұрған Нұр-Сұлтан әуежайына не себепті төрт ұшақ қонды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Кеше түнде төрт ұшақ Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайының аумағында қонды. Барлық әуе кемелері жолаушыларды тасуға арналғанымен, алайда бортта адамдар болмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Әуежайдың баспасөз қызметі Нұр-Сұлтанға төрт әуе кемесінің неге қонғанын түсіндірді. Бұл туралы әуежайдың Telegram арнасында жарияланды.

Департамент мәлімдемесінде Wizz Air және LOT Polish Airlines әуе компаниясының әуе кемелері қонған. Олардың барлығы жолаушыларға арналған лейнер болғанымен, бірақ қазіргі уақытта ұшақтардың гуманитарлық көмек тасымалдап жүргені белгілі болды. Елордаға олар жанармай құю үшін қонған.

Сонымен қатар әуежайдың баспасөз қызметі лайнерлер Пекинге барып, қажетті заттарды тиейтінін айтты. Содан кейін әуе кемелері Еуропаға барады.

2020 жылғы 1 сәуір сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан қаласына барлық халықаралық тұрақты және эвакуациялық жолаушылар авиарейстерінің келуін тоқтатты.

Айта кетейік, мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуын шектеу мақсатында қызметі екі мегаполистің тіршілік әрекетін қамтамасыз етумен және тұрғындардың денсаулығымен байланысты ұйымдарды қоспағанда, барлық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында күшіне енген жұмыссыз режимді осы жылдың 13 сәуіріне дейін ұзарту туралы шешім қабылдаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жабық тұрған Нұр-Сұлтан әуежайына не себепті төрт ұшақ қонды