Выйти
RU

Министр биыл еліміздің тұрғындары Рамазан айын қалай өткізетінін айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев онлайн брифингте діни шараларға уақытша тыйым салынатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Сәуір айында біз үшін маңызды бірқатар діни мейрам келе жатыр. Атап айтқанда, Ораза, православтық және католиктік Пасха, яһудилік Песах және тағы да басқа мерекелер аталып өтеді", - деді ол.

Министр бұл мерекелердің барлығы көптеген азамат үшін өте маңызды екенін жеткізді. Абаевтың айтуынша, вирус таралмауы үшін адамдар жиналатын барлық шараға, оның ішінде діни шараларға уақытша тыйым салынған. 

Ол діни шаралар кезінде адамдар ғибадат орындарына барып, жақындарымен, туыстарымен жиналатынын, бірге мазар басына баратынын алға тартты.

"Қазіргі күрделі уақытта адамның денсаулығы мен амандығы маңызды. Ешқандай дін адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенді мақұлдамайды",- деді ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Абаев азаматтардың діни сеніміне зор құрметпен қарайтынын жасырған жоқ.

"Алайда коронавирус індеті барлық адамның денсаулығына, өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан діни бірлестіктерге мерекелік рәсімдерді онлайн режимде өткізуді ұсынамыз", - деп түсіндірді ол.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Сондай-ақ, министр барлық діни, этно-мәдени ұйымдардың басшыларынан түсіністік танытуды сұрады.

"Осы ретте барлық діни, этно-мәдени ұйымдардың басшылары мен азаматтарын түсіністік танытуға шақырамыз. Діни мейрам кезінде карантин режимін сақтауды сұраймыз", - деп сөзін қорытындылады Дәурен Абаев.

Еске сала кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған кестеге сәйкес, биыл Рамазан айы 25 сәуірде басталады.

Ораза айт мерекесі 24 мамырға, ал Құрбан айт 31 шілде мен 2 тамыз аралығына түсіп отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Министр биыл еліміздің тұрғындары Рамазан айын қалай өткізетінін айтты