Выйти
RU

Қарағанды облысында аудан әкімі коронавирус жұқтырғаны рас па: Полиция пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысының тәртіп сақшылары Бұқар Жырау ауданының әкімі коронавирус жұқтырды деген жалған ақпарат таратқан күдіктіні қолға түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 сәуір күні WhatsApp мессенджеріне мониторинг кезінде Бұқар Жырау ауданының әкімі коронавирус жұқтырғаны туралы аудиожазба тарағаны анықталған.

Ведомство аталмыш деректің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлім етті.

Осы іске байланысты қылмыстық кодекстің 274 бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.

"Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің 40 жастағы әйел екенін анықтады. Ол аталған қылмысты жасағанын мойындады", - деді Қарағанды облыстық полиция департаменті.

Ведомство кезекті рет азаматтарды әлеуметтік желілерде пайда болған жалған ақпаратқа сенбеуге және ермеуге шақырады.

Тек мемлекеттік органдардың ресми мәліметтеріне сүйену қажет.

Тәртіп сақшылары бұндай қылмыс жасағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертуді ұмытқан жоқ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 5 адамға жеткені туралы хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағанды облысында аудан әкімі коронавирус жұқтырғаны рас па: Полиция пікір білдірді