Выйти
RU

"Астарлап жеткізейін": Қоянбаев коронавирус туралы тың мәліметпен бөліспек болды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев әлеуметтік желіде тікелей эфир жасап, өз оқырмандарымен елді дүрліктірген коронавирустың құпиясын ашпақ болды. Әзілкеш қауіпті індет жайлы шындықты ашық түрде айта алмай, жанкүйерлеріне барынша астарлап жеткізуге тырысқан. Ол аталмыш вирус жайлы желіден видеолар іздеп, оларды мұқият қарап шығуға кеңес берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/kiyanbayevnurlan/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/kiyanbayevnurlan/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Нұрлан Қоянбаев өз мәлімдемесімен желі қолданушыларын ойландырып қойды. Instagram парақшасында тікелей эфир жүргізген ол коронавирусқа қатысты тың ақпаратты білетінін айтып қалды. Алайда, вирусқа қатысты құпияны жария ете алмайтындықтан, әзілкеш көпшілікке астарлап түсіндіріп көруге тырысқан.

"Келіншегім ештене айтпауымды сұрап жатыр. Бірақ, астарлап айтайын ақырындап. Сіздер де ақырындап ешкімге айтпай тыңдай беріңіздер. Мына коронавирус туралы интернеттен видеолар іздеңіздер. Шынайы видеолар болады ғой. Сондай. Италияда осыншама науқас жатыр, біреу жылап жатыр деген сияқты видеоларды тауып алыңыздар. Бұл вирус туралы көптеген жаман нәрселер естіп жатырмыз. Үйде отыр деп шығармай жатыр ғой. Жарайды, бұл туралы басқа ештене айтпай-ақ қояйық. Әйтпесе мені үйден шығармай қойып жүрер. Әлі кино түсіру керек" , - деді ол.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Әзілкештің бұл сөзі желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік оның бұл үндеуімен нені меңзегенін түсіне алмай әлек болуда.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Астарлап жеткізейін": Қоянбаев коронавирус туралы тың мәліметпен бөліспек болды (видео)