RU

Коронавирус: Ақтауда тіркелген екі науқас Өзбекстан азаматтары болып шықты

Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясы тағы екі адамнан анықталды. Олар Ақтауда уақытша тұрған Өзбекстан азаматтары болып шықты. Бұл туралы Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев облыстың қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Лада басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Маңғыстау облысында коронавирус инфекцияның бес жағдайы тіркелді. Бүгін, 6 сәуірде, қауіпті індет екі адамнан анықталған.

"Кеше дәрігерлер 14-ші ықшамаудандағы №38 үйден төрт адамды коронавирус жұқтырды деген күдікпен емханаға алып кетті. Олардан анализ алынды. Соның нәтижесінде екеуінде коронавирусқа жасалған тест теріс нәтиже көрсетсе, екеуінде - оң нәтиже көрсетті. Олар Өзбекстан азаматтары. Қауіпті дерт анықталған науқастар 3 сәуірде коронавирус жұқтырған Қызылорда облысының тұрғынымен байланыста болған", - деді Ержан Күмісқалиев.

Өзбекстан азаматтары тұратын подъезд карантинге жабылды.

Еске сала кетсек, еліміз бойынша 584 адамнан коронавирус табылды. Ал қауіпті індеттен көз жұмғандардың саны алтыға жеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1849197-koronavirus-aktauda-tirkelgen-eki-naukas-zbekstan-azamattary-bolyp-sykty.html