Выйти
RU

Телеарнадағы сабақтар не себепті 10 минуттан аспайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Кәрінова телеарнада сабақтар не себепті 10 минуттан аспайтынын түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: segodnya.ua

Көрнекі фото: segodnya.ua

Бүгін, 6 сәуір күні мектеп оқушыларына төртінші оқу тоқсаны басталды. Бірақ, балалар әдеттегідей партаға отырмай, қашықтықтан білім алып жатыр. Мұндай шара коронавирусқа байланысты Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен кейін қабылданды. Алайда, жаңа формат ата-аналар қоғамдастығы тарапынан бірқатар сұрақ тудырды.

Білім және ғылым вице-министрі өте өзекті мәселелерге, мәселен "Еларна" мен "Балапан" телеарнасындағы бейнесабақ ұзақтығы жөніндегі сұрақтарға жауап берді.

Көптеген ата-ана жаңа тақырыпты ұғыну үшін 10 минут жеткіліксіз деп есептейді. Ал Шолпан Кәрінованың сөзінше, оқыту тек 10 минуттық бейнероликтен ғана тұрмайды. Ол өте ауқымды және өз құрамына "Bilimland" платформасы мен қос телевизиялық арнаның Youtube арнасындағы қосымша материалдарға сілтемені біріктіреді.

Одан бөлек, балаларға жаттығулар, тапсырмалар мен тесттер, сондай-ақ, бақылау сұрақтары беріледі. Олардың мақсаты- өткен материалды бекіту.

Оқушылар мұғалімге жеке жүгініп, түсінбеген сәттерді де қайта сұрай алады.

Айта кетейік, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқу ордаларының басшыларына мұғалімдерден қашықтан оқыту кезінде фото және видео түріндегі есепті талап етпеуді тапсырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Телеарнадағы сабақтар не себепті 10 минуттан аспайды