Выйти
RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 600-ден асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 20 адам тiркелдi. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 604-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

6 сәуір сағат 14:40-тағы мәлімет бойынша Шығыс Қазақстан облысында 1 науқас, Жамбыл облысында 1 науқас, Қарағанды облысында 16 науқас, Маңғыстау облысында 2 науқас тіркелген.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында 116 адам, Қарағанды облысында 48 адам, Ақмола облысында 23 адам, Атырау облысы 24 адам, Жамбыл облысында 29 адам, Шымкент қаласында 14 адам, Шығыс Қазақстан облысында 6 адам, Алматы облысында 10 адам,
Ақтөбе облысында 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 25 адам, Павлодар облысында 1 адам, Маңғыстау облысында 5 адам, Қызылорда облысында 37 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында 28 адам, Қостанай облысында 1 адам - жалпы 604 пациент.

Олардың 45-і жазылып шықса, алтауы қайтыс болды.

Айта кетейік, қазақстандық ғалымдар коронавирус инфекциясын анықтайтын жеке тест жүйелерін жасап шығарды. Бүгін отандық ғылыми медициналық орталықтардың қызметкерлерін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 600-ден асты