Выйти
RU

42500 теңге алуға өтінім беру үшін әр өңірге жеке Telegram-бот ашылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

42500 теңге жәрдемақы алуға өтінім беру үшін әр өңірге жеке Telegram-бот ашылды. Бұл туралы Цифлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ашық дереккөз

Фото: Ашық дереккөз

Министрдің сөзінше, әлеуметтік төлем алуға өтінім беру арналарының санын арттыру мақсатында бүгін Telegram арнасынан жаңа Bot іске қосылған. Қабылданған 44 433 өтінім міндетті түрде өңделеді.

"Бізге қазір Bot-тың өте баяу жұмыс істеп тұрғаны туралы азаматтар шағымдануда. Бұл пайдаланушылар санының көптігіне байланысты. Сондықтан біз жүктемені азайту мақсатында Bot-ты аймақтарға бөлу туралы шешім қабылдадық. Өтінім беру алдында өз аймағыңызды таңдауыңыз қажет. Сондай-ақ, Еgov.kz және 42500.enbek.kz сайттары арқылы да өтінім қабылдау жалғасуда", - деді Жұмағалиев.

Ведомство басшысы фейк аккаунттардың арбауына түспес үшін боттардың нақты сілтемесін ұсынды.

1. https://t.me/Help42500Bot 2. https://t.me/JambylObl42500Bot 3. https://t.me/Kostanai42500Bot 4. https://t.me/Karagandy42500Bot 5. https://t.me/Atyrau42500Bot 6. https://t.me/Turkistan42500Bot 7. https://t.me/Aqtobe42500Bot 8. https://t.me/Pavlodar42500Bot 9. https://t.me/Mangystau42500Bot 10. https://t.me/ZKO42500Bot 11. https://t.me/Qyzylorda42500Bot 12. https://t.me/SKO42500Bot 13. https://t.me/VKO42500Bot 14. https://t.me/NurSultan42500Bot 15. https://t.me/Shymkent42500Bot 16. https://t.me/Almaty42500Bot 17. https://t.me/AlmaObl42500Bot 18. https://t.me/Akmol42500Bot

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
42500 теңге алуға өтінім беру үшін әр өңірге жеке Telegram-бот ашылды