Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында қарттар үйінің 19 тұрғыны коронавирус жұқтырды

Опубликовано:

Бүгін Ақмола облысында коронавирус жұқтырғандардың саны бірден 19 адамға көбейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақмола облысында қарттар үйінің 19 тұрғыны коронавирус жұқтырды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Аурудың өсуіне бірнеше күн бұрын Целиноград ауданының Аққайын ауылындағы "Шапағат" арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болған өлім себеп болды.

73 жастағы ер адам 4 сәуірде қайтыс болды. Осыдан кейін орталықта барлық тұрғыннан талдау алынды. Бүгін түстен кейін тағы 19 адамда инфекция анықталғаны белгілі болды.

Облыстық денсаулық сақтау бөлімінде хабарланғандай, бұл адамдардың барлығы марқұммен байланыста болған. Қазір олар Нұр-Сұлтан және Көкшетау ауруханаларына жатқызылды. Науқастардың жасы әртүрлі.

Вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар арасында 216 адам бар. 6 сәуірдегі жағдай бойынша облыста 42 жағдай тіркелген.

Олардың екеуі ажал құшты.

Бұған дейін 26 наурызда Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны қайтыс болған.

Ол Қазақстандағы коронавирустан көз жұмған алғашқы адам. Қазіргі уақытта бүкіл республика бойынша осы қауіпті инфекциядан 6 адам қайтыс болды.

Естеріңізге сала кетейік, СҚО-да коронавирус жұқтырған алғашқы адам жазылып шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849329-akmola-oblysynda-karttar-jini-19-trgyny-koronavirus-zktyrdy/

pixel