Қант диабетімен ауыратындар коронавирус жұқтырып алмау үшін не істеу керек
Жарияланған күні:
COVID-19 инфекцисы неге қант диабеті бар адамдарға қауіпті? Бұл сауалға қатысты Кардиология және ішкі медицина ғылыми-зерттеу институтының эндокринологиялық курсының жетекшісі Лаура Даньярова жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Даньярованың айтуынша, қан диабеті бар пациенттерде аурудың декомпенсациясы кезінде ағзаның иммунологиялық реактивтілігі төмендеуі мүмкін.
"Өздігінен созылмалы гипергликемия кез келген инфекциялық агенттердің, соның ішінде вирустың да өсуіне және дамуына "қолайлы" жер болып табылады. Қант диабетімен ауыратын адамдарда вирустық инфекция пайда болған кезде, ол диабеттің асқынуынан және қандағы глюкоза деңгейінің ауытқуынан асқынуы мүмкін", - деп түсіндірді ол.
Лаура Даньярова сондай-ақ диабетпен өмір сүретін адамдарға коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайту үшін сақтық шараларын қабылдау маңызды екенін атап өтті.
Айта кетейік, Халықаралық диабет Федерациясы қант диабеті бар адамдарға коронавирустың алдын алу үшін бірнеше ұсыныстарға құлақ түруге шақырған.
- Ең алдымен-өзін-өзі бақылау:
- Глюкоза деңгейін бақылауға ерекше назар аудару керек. Тұрақты мониторинг қандағы глюкозаның жоғары немесе төмен деңгейінен туындаған асқынуларды болдырмауға көмектесуі мүмкін.
- Тұмау белгілері байқалғанда (жоғары температура, жөтел, тыныс алу қиындаса) дәрігермен кеңесу маңызды.
- Кез келген инфекция глюкоза деңгейін көтереді және сұйықтық қажеттілігін арттырады, сондықтан сізде су қоры жеткілікті екенін анықтап алыңыз.
- Қант диабетінен сізге қажетті дәрілердің жеткілікті мөлшері бар екеніне көз жеткізіңіз. Егер сіз өзіңізді бірнеше аптаға оқшаулайтын болсаңыз, өзіңізге нақты не керек болатынын ойланыңыз.
- Егер сіз жалғыз тұрып жатсаңыз, өзіңіз сене алатын, сіздің диабетпен ауыратыныңызды білетін адамның барына көз жеткізіңіз. Себебі ауырып қалған жағдайыңызда ол сізге көмектесе алуы керек.
- Сондай-ақ тамақтану мен дене жүктемелеріне назар аудару қажет, осыған байланысты:
- төмен гликемиялық индексі бар өнімдерге артықшылық беріңіз және қуырылған тағамды шамадан тыс тұтынудан аулақ болыңыз;
- қант, көмірсулар және майлары жоғары өнімді тұтынуды шектеңіз және майсыз ақуыздарды таңдаңыз (мысалы, балық, ет, жұмыртқа, сүт, бұршақ);
- жасыл жапырақты көкөністер мен жемістерді екі немесе үш порциямен жеңіз.
- Тұрақты дене белсенділігі жалпы халық үшін және қант диабетімен өмір сүретін адамдар үшін өте пайдалы (үйде жаттығуларды орындаңыз).
- Халық үшін кең тараған ұсыныстар диабетпен ауыратын және олармен тығыз байланыста болатын адамдар үшін екі есе маңызды, сондықтан:
- қолды мұқият және үнемі жуу;
- жиі жанасатын кез келген заттар мен беттерді тазарту және зарарсыздандыру;
- жеке ыдыс-аяқ, көзілдірік, сүлгі және т. б. пайдалану;
- жөтел немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды майлықпен жабу қажет.
- Жөтел сияқты респираторлық аурудың белгілері байқалатын адамдарға жақындамауға және тұмауға ұқсас симптомдар болған кезде үйде қалуға тырысыңыз.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849398-kant-diabetimen-auyratyndar-koronavirus-zktyryp-almau-sin-ne-isteu-kerek/