Выйти
RU

Мешіттен садақа жәшігін ұрлаған күдікті жігіт ұсталды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысында мешіттен садақа жәшіктерін ұрлаған күдікті ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Күдікті бұған дейін де осыған ұқсас қылмысты Чапаев ауылында жасаған. Оның бөтеннің мүлкін ұрлаудың бұдан өзге бірнеше дерегіне қатыстылығы анықталды. Полицейлер оны бейнебақылау камераларының көмегімен әшкерелеген деп жазды Polisia.kz.

Наурыз айының соңында Іле аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Ынтымақ ауылы мешітінің имамы, жалпы құны жүз мың теңге болатын қайырымдылыққа арналған жәшіктегі ақшаның және молданың қызметтік үй-жайындағы ресивері бар монитордың ұрланғаны туралы арызданған.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жедел уәкілдер Алматы облысы Жамбыл ауданының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол ұсынылған дәлелдерден кейін өз кінәсін толық мойындады.

Тергеу барысында күдікті одан өзге тағы екі ұрлық дерегіне өзінің қатыстылығын айтып берді. Ол ақпан айында Чапаев ауылындағы мешіттегі елу мың теңге көлеміндегі ақша сомасы бар қайырымдылық жәшігін ұрласа, ал өткен жылдың шілдесінде Түймебаев ауылындағы жеке кәсіпкерлер бірінің қымбат велосипедін қолды қылған.

Қазіргі таңда мешіт ұрысы қамаққа алынып, оның өзге де ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдіктінің 2013 жылы қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылғаны анықталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі бойынша жалғасып жатыр.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкент қаласының полиция департаменті мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған 26 жастағы ер азаматтың қолға түскенін хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мешіттен садақа жәшігін ұрлаған күдікті жігіт ұсталды (видео)