RU

Қазақстанда коронавирустан емделіп шыққандар саны 51-ге жетті

Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір адам коронавирустан емделіп шықты. Осылайша, Қазақстан бойынша COVID-19 инфекциясынан айыққандар саны 51-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырудың 697 дерегі тіркелді. Қауіпті індеттен алты адам көз жұмды. Күн санап COVID-19 инфекциясынан айыққандар саны да артып келеді.

Айта кететін жайт, Қытай COVID-19 инфекциясымен күреске көмектесу үшін Қазақстанға медицина қызметкерлерін жібермек.

Бұл бастаманы Қазақстан тарапы осы жылдың 24 наурызында мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен COVID-19 жаңа коронавирус инфекциясына қарсы күресте ҚХР-ның Қазақстанға жан-жақты қолдау көрсетуі туралы телефон арқылы сөйлесу барысында қол жеткізілген уағдаластықты жүзеге асыру мақсатында ұсынған.

Дипломатиялық арналар арқылы қытайлық сарапшыларды Қазақстанға жіберуді ұйымдастыру мәселелерін шешуге қатысты екіжақты келіссөздер жүргізілуде. Қытай дәрігерлері сәуірдің басында Нұр-Сұлтанға арнайы ұйымдастырылған ұшақпен ұшып келеді. Сонымен қатар делегациямен бірге Қытайдан гуманитарлық көмектің екінші бөлігі де жеткізіледі деп күтілуде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1849556-kazakstanda-koronavirustan-emdelip-sykkandar-sany-51-ge-zetti.html