Выйти
RU

"Мені қадағалайды": Айсәуле Бақытбек енесін қатаң бақылауда ұстайтын болып шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы енесін үнемі қадағалап жүретін болып шықты. Диляра Қайдарова келіні өзін қатаң бақылауға алғанын жайып салды. Айсәуле Бақытбек жолдасының анасына барынша сәнді болып жүруге қатысты өз кеңестерін береді деп жазады KAZ.NUR.KZ "Paparazzi" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр/Instagram/aissaulebakytbek. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр/Instagram/aissaulebakytbek. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Диляра Қайдарова ұлының әйелін бақылауда ұстаудың орнына, керісінше өзі келінінің қадағалауында жүргенін жасырмады.

Белгілі онкологтың айтуынша, Айсәуле Бақытбек оның сәнді болып жүруіне жіті мән береді.

"Мені үнемі қадағалап жүреді. Мен өзімді қалай ұстау керектігімді, менің стилімді қатты бақылайды. "Сіз енді менің енемсіз ғой. Сіз ең сәнді әрі әдемі болуыңыз керек" деп айтады.

Мен мүлдем қатал ене емеспін. Мен оны баламдай көремін. Әрине, Айсәулеге қарағанда ұлыма қаталдаумын.

Келін түскелі үйде көңіл-күй жақсарды. Оған дейін мен екі ер адаммен тұрдым. Олар менің проблемаларды түсінбейтін.

Енді Айсәулеге сырымды ақтарып, не кию керек, қалай істеу керек екенін ақылдаса аламын. Ол маған көп нәрсе үйретті. Екеуміз де бір-бірімізден көп нәрсе үйрендік", - деді дәрігер.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Алайда, жұлдызды ененің де келініне қояр талабы бар болып шықты.

"Біз оларға үнемі айтып жүреміз. Олардан немере талап етеміз. Бізге жоқ дегенде үш немере керек. Баян да Айсәулеге 30 жасқа дейін кем дегенде үш бала туып беруің керек деген. Немерелерді күтіп жүрміз. Олар енді ойланып, жұмысты бастайды деп ойлаймыз" , - деді Баян Алагөзованың құдағиы.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Мені қадағалайды": Айсәуле Бақытбек енесін қатаң бақылауда ұстайтын болып шықты