RU

Коронавирус жұқтырған екі шетелдік азамат БҚО-ға Мәскеуден келген

9 сәуірде таңертең Батыс Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған екі адам тіркелді. Олар Өзбекстаннан шыққан екі жүк көлігінің жүргізушілері болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирус жұқтырған екі шетелдік БҚО-ға Мәскеуден келген
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Жедел штабтың ақпараты бойынша, мамандарда Covid-19-ға деген күдік Ресей-Қазақстан шекарасындағы үлкен жүк көлігі жүргізушілерін тексеру кезінде пайда болған.

Бақылау мен сауалнамадан өту кезінде ерлердің бірінде нормадан жоғары дене қызуы анықталды.

Содан кейін 34 және 37 жастағы екі шетел азаматы бірден оқшауланып, оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шақыртылды. Олар ауруханаға жеткізіліп, талдаудан өтті. Тест оң нәтиже көрсетті.

Қазіргі уақытта Өзбекстан азаматтары Оралдағы жұқпалы аурулар стационарында жатыр. Олармен байланыста бболған адамдар да оқшауланды.

Дәрігерлер науқастардың жағдайын қанағаттандырарлық деп бағалауда. Атап өтілгендей, жүргізушілер БҚО-ға Мәскеуден кірген.

Қазіргі уақытта өңірде коронавирус жұқтырудың 4 жағдайы тіркелген. Бұған дейін бұл жерде жергілікті екі тұрғын вирус жұқтырған.

Олардың бірі Атыраудан келген, ол жергілікті БАҚ қызметкері, ал екіншісі Саратов қаласынан келген екен.

Науқастанғандардың барлығы стационарға жатқызылды. Елдегі тіркелген науқастар саны 759 адамды құрады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1849888-koronavirus-zktyrgan-eki-seteldik-azamat-bko-ga-mskeuden-kelgen.html