Выйти
RU

Сауд Арабиясы королінің 150 туысы коронавирус жұқтырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сауд Арабиясында коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді. Қауіпті індетке шалдыққандар арасында корольдік жанұя мүшелері де бар. Отбасының жақыны әулетте кем дегенде 150 адамда коронавирус анықталғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сауд Арабиясы королінің 150 туысы коронавирус жұқтырды

Эр-Рияд губернаторы болып отырған Cауд Арабиясы ханзадаларының бірі коронавирус жұқтыру салдарынан жансақтау бөлімінде жатыр. Одан бөлек, қауіпті індетті жанұяның басқа да мүшелері шалдыққан деп хабарлайды The New York Times.

Басылым мәліметінше, Аль Сауд жанұясы мүшелерін емдейтін элиталы ауруханада 500 төсек орын дайындалып жатыр. Олар коронавирус жұқтыруы мүмкін әулеттің басқа мүшелері мен оларға жақын адамдарды қабылдауға әзір.

Жанұяға жақын инсайдерлердің бірі Аль-Сауд әулетінде отбасының 150-ге жуық мүшесі дерт жұқтырғанын мәлімдеді.

84 жастағы Салман король өз-өзі оқшаулау туралы шешім қабылдағаны белгілі. Мұрагер ханзада Мухаммед ибн Салман Аль Сауд пен бірқатар министр де осындай шешімге келген.

Соңғы деректерге сәйкес, корольдікте қауіпті індетті жұқтырудың 2795 дерегі тіркелген. Елде коронавирустан 41 адам көз жұмған.

Айта кетейік, кеше Павлодар облысында коронавирустан бір науқас көз жұмды. Ол 1936 жылы дүниеге келген. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандар саны сегіз адамға жетті.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сауд Арабиясы королінің 150 туысы коронавирус жұқтырды