Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайдан келген дәрігерлер қандай тәжірибемен бөліседі

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова Қытайдан келген дәрігерлер коронавирус індетімен күресуде қандай тәжірибемен бөлісетінін айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Елге Қытайдан келген дәрігерлер. Фото: Сыртқы істер министрлігі
Елге Қытайдан келген дәрігерлер. Фото: Сыртқы істер министрлігі: UGC

Бұл туралы Жақселекова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте мәлімдеді.

Оның сөзінше, Қазақстан мен Қытай президенттерінің 9 сәуірдегі келісіміне сәйкес 10 адамнан тұратын қытайлық делегация елімізге келген.

"Олардың ішінде интенсивті терапия, инфекциялық бақылау, пульмонология, эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мамандар бар. Сонымен қатар делегация құрамында коронавирус инфекциясымен күресте тәжірибесі бар медбике де келді. Қытайлық делегацияның бағдарламасы өте мазмұнды. 15 күнге созылады.
Олар көпбейінді ауруханалар мен клиникаларды аралап, әртүрлі мамандықтағы дәрігерлермен онлайн-тренинг өткізеді. Қытайлық делегациямен тәжірибе алмасу үшін аудандық деңгейге дейінгі медициналық қызметкерлерімізді тартып отырмыз", - деді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі.

Сондай-ақ, қытайлық дәрігерлердің медициналық ЖОО-ларда кездесу мен баспасөз мәслихаттарын өткізетіні белгілі болды.

Жақселекова Қытайлық сарапшылар қауіпті дертпен күресте өз тәжірибесімен бөлісетінін жеткізді.

Оның мәліметінше, аспан асты елінің дәрігерлері коронавирус инфекциясы бойынша алдын алу және оны бақылаудың моделі туралы айтып бермек.

"Мамандар вирусты анықтау алгоритмі, байланыста болған адамдарды оқшаулау, Қытайдағы эпидемиологиялық зерттеу әдістерін пайдалану, емдеу хаттамалары мен диагностика, медициналық қызметкердің вирус жұқтыруын болдырмау амалдары жайлы айтады", - деді денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова.

Еске сала кетейік, бұған дейін коронавируспен күресте көмек көрсету үшін Қазақстанға қытайлық медицина қызметкерлерінің келіп жеткенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1850160-kytajdan-kelgen-drigerler-kandaj-tzirbiemen-blisedi/

pixel