Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Джек Ма Қазақстанға медициналық қорғаныс құралдарын жіберді

Опубликовано:

Қытайлық миллиардер Джек Маның қоры Қазақстанға шамамен 4,5 тоннаны құрайтын гуманитарлық көмек жіберді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Фото: Сыртқы істер министрлігі
Фото: Сыртқы істер министрлігі: Depositphotos

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылғы 10 сәуірде Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен Шицзячжуан қаласынан (Хэбэй провинциясы) "Джек Ма" және "Alibaba" қорларынан медициналық қорғаныс құралдары Алматы қаласына жеткізілген.

Көлемі 4,5 тонна құрайтын гуманитарлық жүктің ішінде 500 мың түрлі медициналық маска, 5 мың қорғаныш костюм, 50 мың медициналық қолғап, сондай-ақ қол тигізбей-ақ өлшейтін термометрлер бар.

Сонымен қатар, алдағы күндері аталмыш қорлар Қазақстанға СOVID-19 инфекциясын анықтайтын экспресс-тестілерді және өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберуді жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін коронавируспен күресте көмек көрсету үшін Қазақстанға қытайлық медицина қызметкерлерінің келіп жеткенін хабарлаған едік.

10 адамнан тұратын білікті мамандар 15 күн елде болып, вирусты анықтау алгоритмі, байланыста болған адамдарды оқшаулау, Қытайдағы эпидемиологиялық зерттеу әдістерін пайдалану, емдеу хаттамалары мен диагностика, медициналық қызметкердің вирус жұқтыруын болдырмау жайлы тәжірибесімен бөліспек.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850206-jgili-dzek-ma-kazakstanga-medicinalyk-korganys-kraldaryn-ziberdi/

pixel