Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еңбек министрі 42 500 теңгеге қатысты сұрақтарға жауап берді

Опубликовано:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгеге қатысты қазақстандықтарды қызықтырған бірқатар сұрақтарға жауап беріп, түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Depositphotos

Министр халық арасында қызу талқыға түскен 42 500 теңге төлеміне қатысты Facebook парақшасында жауап берген.

Белгілі болғандай, бүгінгі күні 42500 теңгелі әлеуметтік төлем алуға 2 млн 900 мың адам өтініш білдірген. Аталмыш төлем 752 мың адамға тағайындалып, олардың есеп шоттарына қордан 32 млрд теңге аударылды.

Біржан Нұрымбетов төлемі уақытылы түспегені үшін алаңдаушылық танытқан қазақстандықтардан кешірім сұрады. Министрлік басшысы келіп түскен көптеген өтінімдерді өңдеп үлгермей жатқанын айтып, жағдайға түсіністікпен қарауға шақырды.

"Неге үлгермей жатырсыңдар дейсіздер. Оның себебі келесіде. Азаматтардың өткізкен өтініштерінде: 1. Өздерінің жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) дұрыс көрсетпей, қате бергендер көп.

2. Есеп шотын қате берген, бүгінге атымен жоқ банктердегі шоттарды көрсеткендер (мысалы, Наурызбанкте), немесе басқа адамның шотын көрсеткендер. Неге маған досымның, анамның, баламның есеп шотын беруге болмайды деп “ұрысып” жатқандарға айтарым. Егер біз оған рұқсат берсек, алаяқтарға жол ашамыз. Алаяқтар сіздің мәліметтеріңізді тауып алып (бар болғаны аты жөніңізбен ЖСН керек) өзінің карточкасын көрсетіп сіздің атыңыздан өтініш беріп жіберсе ше?

Бұл екі жағдайда, сізге осы қателер туралы смс келеді. Алған соң, мәліметтеріңізді түзетіп қайта өтініш бересіз.

3. Басқа жұмыста істеп жалақы алып жүргендер, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлерде бар, тұрақты зейнетақы, жәрдемақы алып жүргендер (төтенше жағдайға дейін ресми жұмыс істемеген), табыстарын жоғалтпай қайта табыстары көбейген кәсіпкерлер.

4. Ресми мекемеде жұмыс істедім, ресми жеке кәсіппен айналыстым деп өтініш бергендер, бірақ бір де соңғы 12 айда төлемдері болмаған адамдар көп.

5. Тіпті, қайтыс болып кеткен адамдардың, немесе шетелге көшіп кеткен адамдардың атынан өтініштер берген де кездеседі.

Осындай жағдайларға жол бермеу, аңықтау үшін біз 2,9 млн адам берген өтініштерін, оған екі – үш рет өтініш беріп, үстінен тұскен тағы 1,4 млн өтініштерді қоса, бүкіл 4,3 миллион өтініштің әр қайсысын тексеруге мәжбүрміз. Ол белгілі уақытты қажет етеді. Сондықтан, өтініш - кішкене шыдамдық танытсаңыздар, ұсынған мәліметтеріңіз дұрыс болса, міндетті түрде аласыздар" , - деп жазды министр.

Оған қоса, ол аталмыш төлем кімге берілмейтінін түсіндірді.

"Егер сіз бейресми де жұмыс істемеген болсаңыз, төтенше жағдайға дейін ресми жұмыс істемеген зейнеткер, мемлекеттік жәрдемақы бюджеттен алушы болсаңыз, сіздерге 42 500 теңге берілмейді. Кәмелет жасқа толмаған балаларға да болмайды.
Бұл жағдайда 42500 теңге аламын деп БЖТ (ЕСП) төлеп әуре болмай-ақ қойыңыздар. Себебі бұл төлемнің мәні басында айтқандай - жұмыс істеп жүріп (ресми, бейресми), төтенше жағдай салдарынан сол табысынан айырылған адамдар үшін" , - деді Нұрымбетов.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850288-ebek-ministri-kazakstandyktardy-42-500-tegege-katysty-sraktaryna-zauap-berdi/

pixel