Выйти
RU

Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 106 мыңнан асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми ақпаратына сәйкес, коронавирустан көз жұмғандар саны 106 мыңнан асты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирустан көз жұмғандар саны әлем бойынша 106 мыңнан асты

Фото: pixabay.com

Ұйымның дерегі бойынша пандемияның кезінде 106 138 адам коронавирустың құрбаны болған. Вирус жұқтырған 1 699 595 адам анықталған.

Соңғы тәулік ішінде әлемде 6 946 жаңа өлім мен ауру жұқтырудың 90 787 жаңа фактісі тіркелген.

Қазіргі уақытта коронавирус жұқтыру фактісінің басым жағдайы әдеттегідей еуропалық аймақта тіркеліп отыр.

Ал елде жағдайға келер болсақ, соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 950-ге жеткен.

Олардың 100-ге жуығы ауруынан сауығып шықса, 10 адам қайтыс болды.

Өлім жағдайлары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Түркістан облыстарында тіркеліп отыр.

Еске сала кетейік, Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты 15 сәуірге дейін жарияланған Төтенше жағдай 30 сәуірге дейін ұзартылды.

Мемлекет басшысының сөзінше, коронавируспен ауырудың шарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Сондықтан індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды.

Президент осы себепке байланысты елдегі төтенше жағдай мен карантин режимін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырғанын айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 106 мыңнан асты