Выйти
RU

Коронавирус: Жөтелген жолаушыдан күдіктенген таксист бірнеше күннен соң көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Лондон қаласындағы Uber жүргізушісі коронавирустан көз жұмды. Ол вирус жұқтырғанға дейін көлігіне мінген әйел адам бірнеше мәрте жөтелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

33 жастағы Айуб Ахтар (Ayub Akhtar) Uber компаниясында жұмыс істеген. Көлік жүргізушісінің дені сау әрі үнемі физикалық формада болған.

Оның көлігіне коронавирус жұқтырғанға дейін әйел адам отырып, арқасынан бірнеше мәрте жөтелген көрінеді.

Айуб Ахтар бұл туралы жақындарына айтып, қатты уайымдаған.

Осы жағдайдан бірнеше күн өткен соң такси қызметкерінен вирус белгілері сезіле бастаған.

Ағасы Ахтара Яссер (Yasser) інісінің түні бойы өзінің жатын бөлмесінде жөтеліп шыққанын айтады. Көлік жүргізушісінің жағдайы нашарлап, өздігінен демалу қиындаған уақытта, оны ауруханаға жатқызған.

3 сәуір күні Айуб Ахтар COVID-19 инфекциясынан қайтыс болған.

Көз жұмарының алдында ер адам туыстарына қатты қорқатынын және өз үшін дұға жасауды сұрап, хабарлама жазған.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми ақпаратына сәйкес, әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 106 мыңнан асты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус: Жөтелген жолаушыдан күдіктенген таксист бірнеше күннен соң көз жұмды