RU

Павлодар тұрғындары азық-түлік дүкендерін "төңкеріп" кете жаздаған (фото)

Павлодарда карантин енгізілгенге бір күн қалғанда тұрғындар азық-түлік пен тұрмыстық тауарларды сатып алу үшін дүкендерге жүгірді. Көптеген сауда орындарында сатып алушылар бірнеше минутта барлығын талап әкетті. Түске қарай арзан өнімдердің түгелі дерлік таусылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Барлығын әкетті: Павлодарлықтар карантиннің алдында дүкендерде дүрбелең жасады (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Павлодар дүкендеріндегі дүрбелең таңертең пайда болды. Көптеген сауда орындарының маңындағы автотұрақтарда көлік қоятын орын табылған жоқ.

Алайда бұл ешкімге кедергі бола алған жоқ, адамдар сонда да ірі сауда маркеттерге барып, бір тауардың бірнешеуін сатып алып жатты.

Барлығын әкетті: Павлодарлықтар карантиннің алдында дүкендерде дүрбелең жасады (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Дүкенге алғашқылардың бірі болып кіргендер арзан өнімді сатып алды. Жұмыртқа, қант, картоп небәрі бірнеше сағатта таусылды, ал ет көптеген дүкендерде болмай шықты.

Дүкен қызметкерлері бітіп қалған тауалардың орнын дер кезінде толтыруға тырысты, алайда бұл олар үшін қиынға соқты. Себебі сатып алушылар мәселен қантты сөрелерге жеткізбей, алып кетіп жатты.

Барлығын әкетті: Павлодарлықтар карантиннің алдында дүкендерде дүрбелең жасады (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Сонымен қатар, арбадан тек маңызды өнімдер ғана болған жоқ. Адамдар сондай-ақ алдағы Пасха мерекесіне дайындықты бастады.

Айта кету керек, нақты кезектерді кассаларда байқауға болады. Адамдар қашықтықты сақтау туралы нұсқаулықты мүлде ұмытқандай. Бір қарағанда тауарларды сатып алу кезіндегі дүрбелең - коронавирусты жұқтырып алу қорқынышын басып кеткендей көрінеді.

Барлығын әкетті: Павлодарлықтар карантиннің алдында дүкендерде дүрбелең жасады (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Кейбіреулер карантиннің жабылуын мысқылмен қабылдағандай. Олар аулаларда нағыз би кештерін ұйымдастырып үлгерді.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодарда жас фельдшердің ауруханада көз жұмған науқастан вирус жұқтырып алғандығы туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1850413-pavlodar-trgyndary-azyk-tlik-dkenderin-tkerip-kete-zazdagan-foto.html