Выйти
RU

"Үйленгенімізге 50 жыл": Болат Назарбаев махаббаты жайлы жан сырын ақтарды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Тұңғыш президенттің туған інісі Болат Назарбаев ерекше сұхбат беріп, жеке өмірі жайлы жан сырын ақтарды. Танымал меценат осыдан елу жыл бұрын отасқан бәйбішесі жайында бар шындықты айтты. Ол ғашығын үйіне алғаш алып келген күнін әлі ұмытпаған деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі Aina TV каналына сілтеме жасап.

Болат Назарбаев пен жары Гүлжан. Фото: Видеодан кадр

Болат Назарбаев пен жары Гүлжан. Фото: Видеодан кадр

Болат Назарбаев жұбайымен қалай танысқанын егжейлі-тегжейлі айтып, бүгінде онымен арақатынасы қандай екенін де жасырмады.

"Мен әскерден келген кезімде ортаншы ағам Сатыбалды Үштөбеде "Бірінші май" совхозында тұратын. Бауырым екеуміз Үштөбеде көлік жүргізушісі болып жұмыс істедік. Сол совхозда Гүлжанды кездестірдім. 1974 жылы төртінші желтоқсан күні Шамалғанға алып келдім. Ол күн әлі есімде. Гүлжан екеумізде екі қыз, бір ұл бар.
Отасқанымызға елу жыл болып қалды. Қазір қарасынан-ақ түсінісетін болдық. Не айтайын деп отырғанымызды да біліп тұрамыз. Әйелің анаң сияқты болып кетеді екен. Еркелейсің оған. Ондай адамды шын айтайын, әлі кездестірген жоқпын. Осы уақытқа дейін бір қарсы шығып, бір сөз айтқан емес. "Ең бастысы аман болшы" дейді" - деді Болат Назарбаев.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Айта кетейік, бұған дейін Болат Назарбаев туған ағасы туралы бар шындықты айтқан болатын. Ол Елбасыдан ешқашан жұмыс сұрап көрмегенін жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Үйленгенімізге 50 жыл": Болат Назарбаев махаббаты жайлы жан сырын ақтарды