Выйти
RU

Шымкентте коронавирус құрбаны болған екінші адам жайлы ақпарат шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін, 14 сәуір, Шымкентте коронавирустан екінші адам көз жұмғаны белгілі болды. Штабтың дерегіне сәйкес, қайтыс болған 58 жастағы ер адам көрінеді. Денсаулық сақтау басқармасында қайғылы жағдайға байланысты толық ақпарат айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкентте коронавирустың құрбаны болған екінші адам жайлы толық ақпарат шықты

Фото: pixabay.com

Ведомство ақпаратына сәйкес, марқұм Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының тұрғыны екен.

Науқас 11 сәуір күні Шымкенттегі инфекциялық ауруханасына жатқызылған. "Қарағанды-Новосибирск" маршруты бойынша қозғалатын жүк көлігің жүргізушісі боп жұмыс істеген. Көлік жүргізіп келе жатып, дене қызуы көтерілген соң, дәрігерге хабарласқан.

58 жастағы ер адамды аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызған. Кейін науқасқа өкпені жасанды желдету аппаратын қосқан.

Бұған дейін марқұм артериялық гипертензиямен диспансерлік есепте тұрған болып шықты.

Бүгін таңғы сағат 7-нің кезінде жан сақтау бөлімінде қайтыс болды. Жақын байланыста болған марқұмның ұлы Шымкенттегі инфекциялық ауруханаға жатқызылды.

Еске сала кетсек, Шымкенте коронавирус індетінен алғашқы адам өлімі 5 сәуір күні тіркелген. Ол 56 жастағы ер адам.

Қазіргі уақытта еліміздегі коронавирус жұқтырғандардың саны 1 179-ға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкентте коронавирус құрбаны болған екінші адам жайлы ақпарат шықты