Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда cоңғы тәулікте 174 науқас тіркелді: ДСБ басшысы пікір білдірді

Опубликовано:

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мегаполисте соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Айта кетейік, 14 сәуірдегі жағдай бойынша, Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 346-ға жетті. Оның алтауы бала, үшеуі жүкті әйел.

Әбілдаевтың айтуынша, мегаполисте соңғы бір тәулікте 174 жаңа науқас тіркелген. Оның 58-і жергілікті науқаспен байланыста болған адамдар екендігі белгілі болды.

"Соның ішінде балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 1 қызметкері, Орталық қалалық клиникалық аурухананың 110 медицина қызметкері, Медициналық жедел жәрдем қызметінің 2 қызметкері, №32 Қалалық емхананың 1 қызметкері, №11 Қалалық емхананың 1 қызметкері, №1 Қалалық клиникалық аурухананың 1 қызметкері бар", - деді ол.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қазір инфекциялық стационарларда 295 пациент емделіп жатқанын жеткізді.

Оның ішінде 7 адамның жағдайы – ауыр, 41 адамның бірі Алматы облысынан жай-күйі – орташа ауыр, 247 адамның жағдайы қанағаттанарлық дәрежеде екендігі айтылды.

Әбілдаевтың мәліметінше, провизорлық орталықтарда 256 адам бар, оның ішінде – 12 бала, карантиндік оқшаулауда – 366, үйдегі карантинде – 7097 пациент бар.

"Медицина қызметкерлерінің екеуінде полисегментті пневмонияның болуына байланысты жағдайы ауыр, қалған науқастарда – қанағаттанарлық. Барлық байланыста болған адамдарға диагноздарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Вирусты олар пациенттерден де жұқтыруы мүмкін, өйткені олар шұғыл медициналық көмек көрсетуді жалғастырып отырды. Олардың ішінде ауру белгілерінсіз ағымы бар пациенттер де болуы ықтимал", - Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Cоңғы деректер бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1179-ға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850639-almatyda-cogy-tulikte-174-naukas-tirkeldi-dsb-bassysy-pikir-bildirdi/

pixel