RU

42 500 теңгені үйден шықпай-ақ, тез әрі оңай алу жолы қандай?

Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты көптеген қазақстандық жұмысынан және ай сайынғы кірісінен айырылғаны белгілі. Осыған орай үкімет 42 500 теңге (ең аз жалақы көлемі) көлемінде өтемақы бөлуді қолға алды. Осыған байланысты қазақстандықтар өзі мен жақындарының басын қатерге тіге отырып, банк бөлімшелеріне барып, енгізілген карантин режимін бұза бастады.

42 500 теңгені үйден шықпай-ақ, тез әрі оңай алу жолы қандай?

Осы тұста, «Хоум Кредит Банкі» азаматтарды саналы болуға және қауіпсіздік ережелерін аяқ асты етпей, аса қажет болмаса, үйден шықпауға шақырады. Себебі, дәл қазіргі жағдайда, бұл - қауіпті.

Қаржы институты қазақстандықтар енді 42 500 теңгеге тең төлемақыны алу үшін банк бөлімшелерінің табалдырығын тоздырмауына болатынын хабарлайды. Себебі, төлем алуға арналған шотты ашу және картаны рәсімдеуді Home Credit Kazakhstan банкінің мобильді қосымшасы арқылы үйде отырып жүзеге асыруға болады.

Банктің баспасөз қызметі қолданыстағы банк клиенттері жәрдемақыға арналған шотты мобильді қосымша арқылы жедел түрде аша алатынын, ал «Home Card» дебетті карталарын қолданатындардың шотына 42 500 теңге еш қиындықсыз түсетінін хабарлайды. Хоум Кредит банкінің клиенттері саналмайтын өзге қазақстандықтар да банк қызметтерін қашықтан ала алады. Нақтырақ айтсақ, олар мобильді қосымша немесе сайт арқылы дебетті картаны рәсімдеу және картаны үйге жеткізу қызметтерін қолдана алады.

Осылайша, «Хоум Кредит банкі» өз клиенттері мен олардың жақындарының қамын ойлап қоймай, банк картасына жәрдемақыны тез әрі оңай түсіру жолын ұсынып отыр.

«Хоум Кредит банкі» әрқашан, әсіресе Қазақстан үшін қиын кезеңде өз клиенттері мен олардың жақындарына қамқорлық таныту үшін қолынан келгенді аямайды. Біз, қазіргі карантин жағдайында азаматтардың өзі мен отбасының басын қатерге тігіп, кезекте тұруы қауіпті екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан да біздің банк қазақстандықтарға Home Credit Kazakhstan мобильді қосымшасы арқылы онлайн қызметтерді қолдануды ұсынады», - деді «Хоум Кредит банкі» АҚ ЕБ Басқарма төрағасы Карел Горак.

Ары қарай клиенттер түскен қаражатты өз қалауынша пайдалана алады. Мәселен, азық-түлік үшін онлайн төлеу, басқа картаға аударым жасау, кез келген жақын маңдағы банкоматтан комиссиясыз ақша шешу, телефон төлемін жүзеге асыру немесе банктің мобильді қосымшасы ұсынатын 500 қызметті пайдалануға мүмкін болады. Бұдан бөлек, банк өз серіктестерімен бірлесе отырып, дебетті және несие карталарын пайдаланатын барлық клиенттері үшін 10%-дық қосымша кэшбек түріндегі бірқатар арнайы ұсыныстар дайындады.

«Біз өз карталық клиенттерімізге серіктестерімізбен бірге құны жоғары кешбэк түріндегі бірқатар тиімді ұсыныстар ұсынып отырмыз. Қазіргі күні азық-түлік, сүйікті суши секілді тағамдарға тапсырыстар жасау немесе видео қызметтерге жазылу мерзімін ұзарту секілді қызметтерді пайдалану арқылы біздің клиенттер айрықша 10%-пайыздық кешбэк алуға мүмкіндік алды. Бұл біздің карталар бойынша ұсынатын 5%-дық стандартты сыйақымызға қосымша болатын керемет ұсыныс деп санаймыз. Науқан 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады. Мұндай ұсыныстар біздің клиенттер мен олардың отбасылары үшін дәл қазіргі қиын кезеңде үкімет тағайындаған жәрдемақыға қосымша көмек болады деп сенеміз. Себебі кешбэктердің барлығын клиент картасына ақша түрінде аудара алады немесе болашақта өз керегіне жатара алады», - деп сөзін түйіндеді Горак мырза.

Ең бастысы, мұның барлығын үйде, өзі мен жақындарына қауіп төндірмей, барынша қауіпсіз жерде жүзеге асыра алады.

Home Card картасының артықшылықтарымен танысу, сонымен бірге тапсырыс беру мына сілтеме арқылы жүзеге асады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1850739-42-500-tegeni-jden-sykpaj-ak-tez-ri-oaj-alu-zoly-kandaj.html