RU

ТЖ кезінде қайтыс болған марқұмның қырқы мен жылын кейін беруге бола ма

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Төтенше жағдай кезінде қайтыс болған адамның жетісін, қырқы мен жылын беру секілді рәсімдерді кейінге қалдыруға болатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Алаш айнасы
Алаш айнасы: Depositphotos

Бүгін Нұр-Сұлтанда өткен онлайн брифингте БАҚ өкілдері бас мүфтиден төтенше жағдай кезінде адам қайтыс болған соң орындалатын жол-жоралғылар туралы сұраған.

"Біздің елде адам қайтыс болғаннан кейін жетісін, қырқын, жылын беру деген дәстүр бар. Бұл шариғаттың міндетті құлшығылы емес, бұл сауапты істер. Шариғатымызда төтенше жағдай кезінде мұндай шараларды кейінге қалдыруға рұқсат етіледі. Яғни, төтенше жағдай аяқталғаннан кейін, Алла қаласа, қырқын немесе басқа асты беруге болады", - дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сонымен қатар бас мүфти бүгінгі брифингте қасиетті Рамазан айы биыл 24 сәуірден басталатанын хабардар етті. Сондай-ақ, елдегі ТЖ байланысты тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайтыны белгілі болды. Бұл індеттің таралуының алдын алу мақсатында жасалып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1850749-markmny-kyrky-men-zylyn-kejin-beruge-bola-ma.html