RU

Нөсер жаңбырдан кейін Алматы көшелерін су басты (фото, видео)

Оңтүстік астананың төтенше жағдайлар департаменті Алматыда болған жағдай туралы айтты. Агенттіктің хабарлауынша, қаланың 3 ауданын су басқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматы көшелерін су басты (фото, видео)
Фото: Алматы ТЖД: Depositphotos

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 14-15 сәуірге қараған түні Алматыда нөсер жаңбыр жауған. Соның салдарынан қалада бірнеше ауданды су басқан.

ТЖД мәліметінше, бұл оңтүстік астананың Алатау, Бостандық және Жетісу аудандарында болған. Жер үйлердің аулалары мен көшелерді су басқан.

Алматы көшелерін су басты (фото, видео)
Фото: Алматы ТЖД: Depositphotos

Атап өтілгендей, Алатау ауданында су басу жайлы бірден 3 дерек тіркелген. Ол тұрмыстық қалдықтардың арық-канал желілерін бітеп тастауына байланысты орын алған. Әкімдік пен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орындарына жіберілді.

Алматы көшелерін су басты (фото, видео)
Фото: Алматы ТЖД: Depositphotos

Департмент оқиға орнынан түсірілген видеолар мен суреттермен бөлісті. Кадрлардан ведомства қызметкерлерінің су басу салдарымен қалай күрескенін, жұмысына арнайы құралдарды қолданып жатқанын көруге болады.

Алматы көшелерін су басты (фото, видео)
Фото: Алматы ТЖД: Depositphotos

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін еріген қардың салдарынан Нұр-Сұлтанды су басқанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1850825-almaty-kselerin-su-basty-foto-video.html