Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кімге қалай әсер ететіні белгісіз": Америкалық дәрігер коронавирусты лотереяға теңеді

Опубликовано:

Коронавирустың ағзаға қалай әсер ететінін болжау мүмкін емес, кейде күшті иммунитеті бар науқастар қосымша оттегі терапиясына мұқтаж болады. Бұл туралы Нью-Йорк ауруханасының дәрігері Марлен Каплан мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: iz.ru
Фото: iz.ru: Facebook

Дәрігердің өзі жақында коронавируспен ауырып, жазылып шыққан. Шамасы ол инфекцияны өзінің науқастарының бірінен жұқтырған.

Ер адам емделіп жатқан кезде өзінің сауығып кететініне күмәнданғанын да жасырмады. Тіпті, туған-туыстарына арнап бейнеүндеу де жазып үлгерген екен.

"Ахуалым тұрақтала бастағанға дейін, қандай да бір жағдай болып кетсе деп, жақындарыма үндеу жаздым. Отбасыма, балаларыма хабарлама қалдырып, оларды жақсы көретінімді айтқым келді. Егер өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылсам, олармен сөйлесуге мүмкіндік болар ма еді, білмеймін.
Бағыма орай жолым болды", – дейді Каплан.

Оның айтуынша, коронавирус – "лотерея секілді, кімге қалай әсер ететіні белгісіз".

Дәрігер кейбір адамдардың иммундық жүйесі мықты болғанымен, оларға қосымша оттегі терапиясы қажет болатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, АҚШ-та коронавирус инфекциясынан көз жұмғандардың саны 25 мыңнан асып кетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850878-kimge-kalaj-ser-etetini-belgisiz-amerikalyk-driger-koronavirusty-lotereaga-teedi/

pixel