Выйти
RU

17 сәуірден бастап Қостанай облысы карантинге жабылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус жұқтырудың 5 жағдайы тіркелген Қостанай облысына 17 сәуірден бастап карантин енгізіледі. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

17 сәуірден бастап Қостанай облысында карантин енгізіледі

Фото: NUR.KZ

"Құрметті қостанайлықтар!
Бүгін жедел штаб отырысы өтті. Денсаулық сақтау саласының мамандарын тыңдай келе, 17 сәуір күні сағат 00.00-ден бастап 1-ші мамыр сағат 07.00-ге дейін облыс аумағында карантин енгізу туралы шешім қабылданды", – дейді өңір басшысы.

Архимед Мұхамбетов бұл шешімді коронавирус індетінен сақтанудың мәжбүрлі шарасы екенін және басқа да облыстарда бұл тәжірибе қолданылып жатқанын да атап өтті.

Оның ойынша, мұндай амалдар кеселдің таралуына жол бермеуге әрі алдын алуға көмектеседі.

"...Ең алдымен, карантин режимі бізге барлық байланыстарға шектеу қоюға және қауіпті вирустың таралуына жол бермеуге мүмкіндік береді. Қазір дәрігерлер, полиция қызметкерлері және тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындарының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс жасауда.
Мен барлықтарыңызды олардың еңбектеріне құрметпен қарауға шақырамын. Біз Сіздермен бірге қолымыздан келгенше оларға көмек көрсете аламыз. Облыстың барлық тұрғындарын карантин жағдайына барынша байыпты қарауды сұраймын. Үйде болып, барлық медициналық ұсыныстарды сақтау қажет.
Қымбатты қостанайлықтар!
Өздеріңізді және жандарыңызға жақын жандарды қорғаңыздар! Әрбір отбасыға амандық, барлық қостанайлықтарға мықты денсаулық және сенімділік тілеймін. Біз қаншама рет қиындықтарды бастан өткердік, бірақ әрдайым тек алға жүрдік. Біз барлығын жеңеміз және осы жолы да жеңіске сөзсіз жетеміз. Біз біргеміз! ", – деп жазды облыс басшысы Архимед Мұхамбетов.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1295-ке жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
17 сәуірден бастап Қостанай облысы карантинге жабылады